Хабарлама: Бұл құрылғыны пайдаланушы пайдаланып жатыр. Администраторға хабарласыңыз

Clockster-да бір мобильді қосымшаға тек бір қызметкер қосыла алады. Бұл қызметкер  мобильді қосымшаға тек бір құрылғыда кіре алатынын білдіреді. Бұл ереже деректердің ашықтығы үшін жасалған, қызметкер басқа қызметкерден өзі үшін белгі қоюды сұрамауы үшін жасалған.

Бұл хабарлама 2 себеп бойынша шығуы мүмкін:

  1. Қызметкер жаңа телефонды (құрылғыны) ауыстырды / сатып алды. Бірақ оның профилі ескі телефонда (құрылғыда) әлі де қосылып тұр. Қызметкер өзінің профилін жаңа құрылғыға тіркеу үшін ескісі құрылғыдан шығу керек.

Оны қалай жасауға болады?

Веб-нұсқада администратор “қызметкерлер” бөліміне өтіп, қажетті  адамды тауып, оның аты-жөніне басу керек. Экранда қызметкердің профилі бойынша барлық негізгі ақпараттар көрсетіледі, “ұялы телефон” бағандарының бірінде: құрылғының маркасы мен моделі көрсетіледі. Жою үшін “себетті” басу керек. Жою аяқталғаннан кейін қызметкер жаңа құрылғыдағы профиліне кіре алады.

Мобильді қосымшада администратор “қызметкерлер” бөліміне өтіп, қажетті адамды тауып, оның аты-жөніне басу керек. Профильде “құрылғы” бағаны болады: құрылғының маркасы мен моделі шығады. Жою үшін “себетті”басу керек. Жою аяқталғаннан кейін қызметкер жаңа құрылғыдағы профиліне кіре алады.

  1. Бұрын қызметкердің құрылғысы арқылы басқа қызметкер Clockster қосымшасына кірген болатын (хабарламада оның аты-жөні жазылуы керек). Жоғарыда айтылғандай қадам жасау керек, бірақ Құрылғыны бұрын басқа біреудің құрылғысы арқылы кірген қызметкерден алып тастау керек.

Жаңартылған

Ұқсас сұрақтар